Аймақтар • 08 Қазан, 2021

Тараз және Түркі тарихына арналған тағылымды жиын

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Тараз қаласында Халықаралық Түркі Академиясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тараз және Түркі өркениеті» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз және Түркі тарихына арналған тағылымды жиын

Жиынды жүргізген Халықаралық Түркі Академиясының президенті, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Тараз шаһарының терең тарихына тоқталды.

Тараз ежелден тарихқа бай қала екенін айтты. Сонымен қатар, конференция қатысушыларына еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың хатын оқып берді. Ал, өз сөзінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аталған жиынның маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш министр Ақтоты Райымқұлованың хатын жеткізіп, Тараз тарихы жөнінде өз ойымен бөлісті.Е

Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, Назарбаев университетінің оқытушысы Шәмилоғлы Юлай, Жапония мемлекетінен онлайн қатысқан «Нара» ұлттық мәдени мұра мен ұлттық мәдени құндылықтарды зерттеу институтының зертханалық археология секциясының директоры Садакатцу Кунитаке, Қырғыз-Манас Негизбек Шабданалиев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Әлімғазы Дәулетхан, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев және өзге де ғалымдар Тараз тағылымы, түркі өркениеті туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар, конференция жұмысы «Ұлы Талас құрылтайы: Алтын Орда», «Атлах шайқасы және жаңа өркениет», «Тараз және Түркі әлемі», «Мәңгілік Ел идеясы және Түркі елдері» атты секцияларға бөлініп, жұмысын жалғастырды.