Әлем • 09 Қазан, 2021

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 43-ке жетті

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 43-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 43-ке жетті

5,9 балдық жер сілкінісі 7 қазанға қараған түні Жапония астанасы Токиодан солтүстік-шығыс аймақта тіркелді. 

Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Чиба префектурасында болған. 

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.41-де 80 км тереңдікте тіркелді. JMA бір аптаның ішінде болатын осындай жер сілкіністері туралы ескертті.