Сайлау учаскелерінің айналасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша 20.00-де жабылады.
Сайлау учаскелеріне ұялы телефондар кіргізілмейді. Әуежайлар мен құрлық шекаралары дауыс беру аяқталғанша жабылады.
Ел парламентіндегі 329 орын үшін 3 249 үміткер күресуде. Дауыс беруге 877 шетелдік бақылаушы қатысады.
Елде 24 миллион адам дауыс беру құқығына ие.Ирак жоғары сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін 24 сағат ішінде жариялайды.