Хоккей • 10 Қазан, 2021

«Барыс» «Ак Барстан» ірі есеппен жеңілді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында өз айдынында қазандық «Ак Барстан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.  

«Барыс» «Ак Барстан» ірі есеппен жеңілді

Матчтың бірінші кезеңінде ресейлік ұжым алға шықты. «Ак Барстың» екі шайбасынан кейін Якоб Берглунд есепті қысқарта алды.

Дегенмен екінші кезеңде қонақтар төрт шайба салды. Бұған елордалық клуб тек Валерий Ореховтің шайбасымен ғана жауап қата алды. Соңғы кезеңнің басында Егор Шалапов есепті 3:6 қылғанымен, астаналықтардың одан әріге шамасы жетпеді.  

Енді 13 қазанда «Барыс» сырт айдында «Авангардпен» кездеседі.