Қазақстан • 11 Қазан, 2021

Ең аз жалақы алатын өңірлер анықталды

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы ел тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысы артып, 116 мың теңгеден сәл асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең аз жалақы алатын өңірлер анықталды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

«2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116 126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4% өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8% өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3% жоғарылады.

2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты», делінген ведомство хабарламасында.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді. Бұл өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65%-н құрады.

Өткен жылы өңірлер бойынша халықтың жан басына шаққандағы табысының ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылық 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).