Елорда • 11 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 68 жол-көлік оқиғасы болды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бір тәуліктің ішінде 68 жол-көлік оқиғасы болып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 68 жол-көлік оқиғасы болды

Бүгін елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Полицейлер жүргізушілермен қатар жаяу жүргіншілерді де жолда мұқият болуға шақырады.

Полиция департаменті жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлауға, қозғалыс кезінде жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтауға кеңес береді. Себебі тайғақ жолда автокөліктің тоқтау жолы ұзарады.