Е.Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге екінші айналымда чилилік Алекса Гуарачи – америкалық Дезире Кравчикпен шеберлік байқасты. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте чилилік-америкалық жұптың жолы болды – 7:6 (7:2).
Супер тай-брейкте Рыбакина мен Кудерметова қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ – 10:0. Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 43 минутқа созылған тартысты матч барысында 3 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. Е.Рыбакина мен В.Кудерметова жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецкаямен таласады.