Коронавирус • 11 Қазан, 2021

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары таралуда?

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вирустарға генетикалық зерттеу жүргізуде. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары таралуда?

«Министрлік вирустың мутациялық өзгергіштігін анықтау үшін вирустарға генетикалық зерттеу жүргізіп жатыр», деді Алексей Цой.

2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелгені атап өтілді, нәтижесінде наурыз айында Alpha штаммы - «Британ», Beta штаммы - «Оңтүстік Африка», маусымда Delta штаммы - «Үнді», тамызда Eta штаммы - «Нигерия» анықталды.

«SARS-CoV-2 вирусының әртүрлі нұсқаларының айналымын анықтау және бақылау жұмыстары жалғасуда», деп толықтырды Алексей Цой.