Қазақстан • 11 Қазан, 2021

Қазақстан мен БАӘ-нің мерейтойына орай пошталық маркалар шығарылды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің пошта қызметтері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында маркалар шығарылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан мен БАӘ-нің мерейтойына орай пошталық маркалар шығарылды

Оның сериясы - «Естелік және мерейтойлық күндер». Маркалар айналымға енгізілді. 

Шығарылым бір-біріне жалғасқан екі маркадан тұрады. Әрбір пошта марка көлемі 28х40 мм және номиналы 550 теңге. Таралымы - 20 мың дана. Маркаларды жасау кезінде ультракүлгін бояумен қорғау элементтері қолданылды. Олар лакпен және алтын фольгамен өрнектелген. 

Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ мен Emirates Post компанияларының бірлескен жемісті жұмыс тәжірибесі бар. 2015 жылы ұлттық пошта қызметтері Қазақстан мен БАӘ арасындағы қарым-қатынастың дамуына арналған бірлескен пошта маркасын шығарды.

Ағымдағы жылы «Қазпошта» АҚ «Естелік және мерейтой күндері», «Ғарыш» және «Фауна» сериясы бойынша әртүрлі тақырыптарда 13 млн пошта маркасын шығарады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10