Коронавирус • 11 Қазан, 2021

Pfizer вакцинасы кімдерге салынатыны айтылды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Pfizer вакцинасы егілетін адамдардың тізімі кеңейтілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer вакцинасы кімдерге салынатыны айтылды

«Pfizer вакцинасына тоқталсақ, бастапқы кезеңде бұл екпелер 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге арналады. Кейін осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін», деді А.Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе болып тұр.

«Осыған байланысты министрлік Pfizer компаниясымен 2021 жылдың соңына дейін 4 млн доза вакцинаны жеткізу бойынша шартқа қол қойды», деді министр.