Президент • 11 Қазан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін», деп жазылған жеделхатта.

 

Соңғы жаңалықтар