Спорт • 11 Қазан, 2021

Теннис: Қарағандыда алғаш рет халықаралық турнир өтеді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында әйелдер арасында алғаш рет 2 ITF W25 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис: Қарағандыда алғаш рет халықаралық турнир өтеді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жалпы жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Жарыстар Қарағандыда өткен жылы ашылған жаңа теннис орталығында 18-24 және 25-31 қазан аралығында болады. Жекелей сында Қазақстаннан Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко бақ сынайды.

Сонымен қатар бірнеше жас теннисші ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алмақшы. Додаға ресейліктер, әлемнің 133-інші және 195-ракеткалары Виталия Дьяченко мен Мария Мельникова, сондай-ақ Беларусь өкілі Юлия Готовко, нидерландылық Сюзан Ламенс қатысады.

Аталмыш теннис орталығы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Онда 11 корт (жетеуі жабық) орналасқан.

 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25