Спорт • 11 Қазан, 2021

Алексей Луценко «Коппа Агостониде» топ жарды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өткен «Коппа Агостони» додасы қазақстандық велошабандоз Алексей Луценконың жеңісімен аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Алексей Луценко «Коппа Агостониде» топ жарды

Айтулы жарыс әдеттегідей Апеннин түбегіндегі Ломбардия өңірінде орналасқан Лиссоне қаласының маңында ұйымдастырылды. «Астананың» серкесі 180 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 19 минут 44 секундта жүріп өтіп, бас жүлдені олжалады. Екінші және үшінші орындарды иелеген «UAE-Team Emirates» клубының сапындағы Италияның қос сайыпқыраны – Маттео Трентин мен Алессандро Кови жерлесімізден 12 секунд қалып қойды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын «Коппа Агостини» жарысында «Астананың» намысын Алексей Луценкодан бөлек, Мануэле Боаро, Самуэле Баттистелла, Фабио Феллине, Маттео Собреро (Италия) және Родриго Контрерас (Колумбия) сынды велошабандоздар қорғады.