Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауылдың ажарын көрсетіп, жалпақ жұртты игілікті істерге жұмылдыруды мұрат тұтқан «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны – ауқымы кең шара.

Берекесі мол сарыала күздің шуақты күнінде Аршалы кентінің орталық алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеден тұрғындар ет және сүт өнімдерін, алуан түрлі көкөніс пен дәмі тіл үйіретін бал тәрізді өнімдерді базар бағасынан әлдеқайда арзанға сатып алды. Осы бір қадам дастарханның берекесін қашырмауға сеп болатын болса, екінші жағынан ауылда тұрып, ерінбей еңбек етсең, өзің де осындай игілікке ие боласың деген ишараны аңғартып тұрғандай. Алтын бесік – ауылдың шаңырағын биіктететін де, босағасына құт байлайтын да адал еңбек. Тауар өндірушілер табанақы, маңдай терімен өсірген, жинаған азық-түліктерін кент тұрғындарының назарына ұсынуы бірлік пен ынтымақтастықты айғақтап тұрғандай. Бұйырған дәмді бөліп жегенге не жетсін. Әйтпесе, іргедегі Нұр-Сұлтан қаласының сауда сөрелеріне жеткізсе, тұтынушылар пышақ үстінде таласып-ақ алатын дүние.
Жәрмеңкеге «Агрофирма «Поиск», «Николаевское» серіктестіктері мен «Ижевский» өндірістік кооперативі, «Балашов», «Питковский» шаруа қожалықтары тәрізді ұжымдар қатысып, сұранысқа ие азық-түлік түрлерін сауда сөрелеріне үйіп тастады. Бір айта кетерлігі, егде адамдарға жеңілдіктер де қарастырылған.
– Мен қаймағы алынбаған сүттен жасалған сүзбе, қолдың сары майын арзан бағаға сатып алдым, – дейді кент тұрғыны Райгүл Закумбаева, – бір ыңғайлысы, қажетті азық-түлігіңді іздеп, табаныңнан таусылмай, бір жерден аласың. Оның үстіне базар бағасынан әлдеқайда арзан.
Марафон аясында өңірде бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жастар ісі оңға басқан фермерлермен, шаруасы шалқыған шаруа қожалықтарының басшыларымен, еңбегін ел елеген сала озаттарымен кездесуді жоспарлауда. Олардың іс-тәжірибесі ауыл шаруасына ықыласы ауған белсенді жастарға бағдар беруі тиіс. «Ауыл – ел бесігі» әлеуметтік желілерінде сурет байқаулары ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында ашық сабақтар өткізіледі. Тәуелсіздік жылдарындағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді қамтитын мазмұнды фотокөрме де көрермен назарына ұсынылады. Осының барлығы ауылдағы бекем бірлік пен баянды тірліктің қаншалықты бағалы екендігін қолмен қойғандай етіп көрсетуі тиіс.
Ақмола облысы,
Аршалы ауданы
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар