«Ауыл – ел бесігі» жобасының игілігі арқылы өңірдегі шоқ жұлдыздай шағын ауылдардың шырайы кіріп қалды. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жаңғыртылып, өңірлік стандарттау жүйесінің талабына лайықталды.

Өңірде жобаны тиімді ілгерілету мақсатында 2020 жылға дейін арнайы жоспар-кесте түзілген болатын. 2019-2020 жылдары ауыл ажарын келтіріп, тұрмысын түзеу бағытындағы 75 жоба жүзеге асырылды. Игілікті істің нәтижесінде 15 ауылдың 80 мыңға жуық тұрғынының өмір сүру сапасы көп-көрім жақсарды. Ең алдымен бағдарлама шеңберінде ұзындығы 120 шақырым кентішілік жолдарға мұқият жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суағарлар орналастырылды. Қазір бұл ауылдардың іші жайнап тұр. Зеренді ауданының Викторовка және Бұланды ауданының Капитоновка ауылдарының 2 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қос ауылдың тұрғындары ұзақ уақыттан бері таза суды тұтына алмай, өкпе-наздарын айтып келген болатын. Тіпті елді мекендерден кейбір тұрғындардың үдере көшуіне себеп болып отырған осы мәселе еді. Жаңа жобаның жақсылық шарапатымен көптен бері тұрғындарды мазалаған жайт бір мезетте шешілді. Астраханка ауылында инженерлік желілері бар қазандық, Аршалы кентінде бір мезетте 80-нен астам адамды қабылдайтын бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Оған қоса, көшелерді жарықтандыруға көңіл бөлінді. Басқа да бірқатар нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бір айта кетерлігі, қыруар шаруа қолға алынған кезде 900-ге жуық ауыл тұрғыны уақытша болса да жұмысқа орналасып, табыс тапты. Жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері 48 адамға тұрақты жұмыс орны табылды. Екі қолға бір күрек таба алмай отыратын ауыл тұрғындары үшін осының өзі демеу.
Биыл ел тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында 27 елді мекенде 77 жобаны жүзеге асыруға бюджеттен қаражат бөлінді. Осы арада өткен жылдармен салыстырғанда қаражат көлемінің едәуір қомақты екенін, жобалар мен игілікке ие болатын ауылдардың саны көбейе түскенін айта кеткен жөн. 14 жоба бойынша жоспарланған жұмыс толық аяқталды. Осы орайда, облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылын орталықтандырылған жылумен жабдықтайтын желі салынып, Мәдениет пен Егіндікөл ауылдарындағы жолдар орташа жөндеуден өткізілді. Жақсы ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілсе, Лозовое ауылындағы жол жөнделді. Новоселовка ауылында да дәл осындай жағымды жаңалық бар.
Атбасар ауданының Бастау ауылында жастар орталығы, Жақсы мен Ақкөл ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ Сандықтау ауданының Балкашино ауылындағы стадионды қайта жөндеуде.
Жоба ауыл тұрғындарының тұрмысының жақсаруына септігін тигізіп отыр. Егер осындай жанашырлықпен барша ауыл гүлденсе, ел еңсесі елден ерек биіктей беретіні сөзсіз. Ауыл адамдары да мемлекет қамқорлығын жан жүректерімен сезініп отыр.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар