Алматыда жас ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік дағдысын қалыптастыруды мақсат еткен ХVІІІ дәстүрлі «Әуезов оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтіп, оған қатысушылар жазушы мұрасын зерттеу мәселесіне заманауи ғылым тұрғысынан ден қойды.

Конференцияны М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кенжехан Матыжанов ашып, қазіргі кезде жазушының туғанына 125 жыл толуы қарсаңындағы алғашқы дайындық жұмыстарының басталып кеткендігін тілге тиек етті.
Осы жиында жастар үшін жазушының шығармашылық қырының ерекше сәттері жайында Мұрат Мұхтарұлы баяндады.
Әлі буыны қатып үлгермеген, қалыптасу үстіндегі елге, халыққа үлгі етер, бағыт алар бағдаршам керек еді. Сол кезеңдердегі Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған зиялы қауым өкілдері осы жолды іздегені белгілі. Осы жылдарда бағдарын іздеген ел үшін Жапонияның даму тәжірибесі назар аудартты. М.Әуезовтей жиырманың үстіндегі жас маман Жапония туралы көптеген мәлімет білген. Ал бұл тақырыпты қаузауға болмайтын КСРО заманында жазушы Жапониядағы атом сынақтарына қатысты өз пікірін білдіргені Семей полигонына қатысты ойларымен астасып жатқанын аңғаруға болады. Жазушының Күншығыс елі жайындағы күнделігі бүгінде зерттеушілер үшін құндылығын жойған жоқ.
«М.Әуезовтің Жапония мен Семей полигоны тақырыбын бір-бірімен байланыстыра отырып үлкен мәселені көтергені ғылымда белгісіз болып келді», деп атап өткен Кенжехан Матыжановтың айтуынша, жазушының бұл мәселені зерттеуіне арқау еткені бүгінгі қоғамдық ғылымдағы үлкен жаңалық болды әрі Әуезов ұлылығының тағы бір көрінісі іспетті. М.Әуезов атындағы университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Дария Қожамжарова өзі басқаратын оқу орнындағы абайтану жұмыстарының барысымен таныстырды. Соның ішінде хакім ұрпақтарының 1934 жылы Шымкентте қайтыс болып, жерленгендігіне қатысты деректер назар аудартады. Абайдың Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл мен өзге де ұрпақтарына қатысты ерекше жәдігерді ғылыми орталық мамандары тапқан. Яғни қайтыс болған мерзімі мен жерленген орындары көрсетілген мәрмәртаста Абайдың:
«Жас қартаймақ, жоқ тумақ,
туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек», деген өлең жолдары жазылған екен. Мұнда орысша мәтінде Абай ұрпақтарының жерленгендігі туралы мәліметпен қатар төрт адамның есімі көрсетіліпті. «Тұрағұл Абайұлы. Әйгерімнен туған. 1934 жылы жерленген». Қазіргі аумағы «Химфарм» зауытының маңы. «Келіндері Дәмежан 1960 жылы Шұқырсайда, ал Әубәкірдің әйелі Кәмәлия 1962 жылы Қасқа зиратында, ал немересі Әубәкір Ақылбайұлы 1933 жылы Көксай зиратында жерленген». Отыз жылға жуық көлеңкелі жерде, күл-қоқыстың ортасында қалып қойған жәдігер қазіргі кезде ғылыми орталық төрінен орын алып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы бір айта кетерлігі, орталық мамандары «Кітаб тасдиқ» еңбегін шағатай тілінде транскрипциялады. Сонымен бірге М.Әуезовтің оңтүстікке келуінің себебіне байланысты естелік еңбек әзірленуде.
Абайтану мен мұхтартануды бастауыш сыныптан бастап оқу пәні ретінде енгізу қажеттігін ұсынған білім меценаты, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі Бекзат Алтынбеков ұрпақ тәрбиесі жайын қозғай келіп, жастарға батыстың, шығыстың озық үлгілерін оқытып жатқанымызбен, оның пайдасымен қатар зиянының да қатар жүретінін жоққа шығара алмаймыз, деп атап өтті.
Алматы әкімінің кеңесшісі, филология ғылымдарының кандидаты Мамай Ахетов жазушының драматургияға үлкен дайындықпен келгендігі жайында ой толғады. «М.Әуезов 1917-1957 жылдар аралығындағы қырық жыл ішінде қазақ сахна өнерінің негізін қалап кетті. Кезінде С.Мұқанов, Т.Ахтанов қаламгердің «Дос – бедел дос» шығармасына байланысты драманың ешқандай талаптарына сай келмейді, тақырыбын аша алмаған деп сын айтқан болса, жазушының өзі бұл пьесасынан үлкен үміт күтіп, тәуелсіздік бағдарын көре білген. Сонымен бірге сол кезде айтуға болмайтын дін тақырыбын қаузап, құран аяттарын пайдаланған», деп атап өткен ол жазушының «Дос – бедел дос» шығармасына жаңа күн тұрғысынан қарап, театр режиссерлері назар аударса деген ұсынысын білдірді.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева «Әуезов және абайтану мәселелерінде» Абай өмірбаянына тоқталды. Абай өмірбаяны төрт нұсқада жазылды: біріншісі, 1933 жылы Абай шығармаларын бастыру үшін, екіншісі, 1940 жылғы басылым үшін, үшіншісі, 1945 жылы жазылған, бірақ жарияланбаған нұсқасы. Ең соңғы яғни, төртінші нұсқасы 1950 жылы жазылды. Ғалымның айтуынша, Абай заманын танытатын нендей айрықшалықтарға зер салу керектігін М.Әуезов ыждағатпен тізіп, ұғындырып өтеді. Абай өмірбаянының төрт нұсқасын жазуда, соған орай «Абай жолы» роман-эпопеясында осы айтқандарының барлығын өз тарапынан кәдеге жаратып отырған.
«Әуезов үйі» ҒМО бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлзия Пірәлі ұлы суреткер, ғұлама ғалым М.Әуезовтің жамбылтанудағы табанды әрі жүйелі еңбектері әлі күнге дейін бір жүйеге түсіп, тереңнен талдана да зерттеле де қойған жоқ, деген ойын ортаға салды.
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ҒМО жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев ХХ ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап қалыптасқан орыс жазушыларының М.Әуезовпен шығармашылық ынтымақтастығы, орыс мәдениеті қайраткерлерінің Қазақстанмен рухани байланысының жарқын көріністері жайында әңгімеледі. Сонымен бірге «Абай жолы» роман-эпопеясын орыс және француз тілдеріне аударудың ерекшеліктеріне де тоқталып өтті.
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Бүгін, 19:37
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 19:20
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Бүгін, 19:08
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Бүгін, 18:53
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:30
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 18:12
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 17:59
СҚО-да заңсыз жалға берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 17:43
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:19
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 16:55
«АМANAT» партиясы жанынан Энергетика комитеті құрылды
Қоғам • Бүгін, 16:24
Әлем • Бүгін, 16:06
Қазақстанда тұрмыстық техника 18 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қаржы • Бүгін, 15:47
«Самұрық-Қазына» «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясын IPO-ға шығатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:37
Жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 15:25
Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 15:17
«Бәйтерек» кешенінің құрылысы кейінге шегерілді
Қоғам • Бүгін, 15:08
Шекара қызметінің офицерлік құрамы 200 лейтенантпен толықты
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Елордада қала күні қалай тойланады
Елорда • Бүгін, 14:50
Тарбағатай тұрғынынан 700 келіден астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Биыл 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қоғам • Бүгін, 14:35
Өскеменде танысының 2 млн теңгесін жымқырған алаяқ ұсталды
Қоғам • Бүгін, 14:23
Іле Алатауының сел жүру қаупі бар аймақтарына бөгет салынады
Аймақтар • Бүгін, 14:06
Қаржы пирамидаларын басқарғандарға жаза күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 13:50
Алматыда жаңа туған сәбилерді сайт арқылы саудалаған
Қоғам • Бүгін, 13:37
Ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 13:25
Сенат төрағасы сессия жұмысын қорытындылады
Үкімет • Бүгін, 13:13
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Оқиға • Бүгін, 13:00
Өскеменде балалардың үстіне аялдама құлады
Аймақтар • Бүгін, 12:40
Ресми хабар таратудың жаңа форматына көшу керек – Смайылов
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Шавкат Рахманов UFC рейтингінде үздік ондыққа кірді
Спорт • Бүгін, 12:28
ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 12:19
Үкімет зейнет жасын төмендету мәселесін талқылаған жоқ – Вице-Премьер
Қоғам • Бүгін, 12:10
Көкшетауда полиция облыстық соттың ғимаратын қоршауға алды
Аймақтар • Бүгін, 12:02
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Ұқсас жаңалықтар