Спорт • 12 Қазан, 2021

Үшінші кезеңде ұтылды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан 1000 BNP Paribas Open турнирінің төртінші кезеңіне шыққан теннисшілердің есімдері толықтай белгілі болды.

Үшінші кезеңде ұтылды

Қазақстанның ойыншылары арасынан бұл межеге тек Юлия Путинцева ғана жеткен еді. Алғашқы айналымдарда германиялық Андреа Петкович пен өзінің отандасы Елена Рыбакинаны жолынан ығыстырған Путин­цева үшінші кезеңде латвиялық Елена Оста­пенкомен кездесті. 24 жастағы Балтық жаға­лауының өкілі 2017 жылы Ролан Гарростың жеңімпазы атанып, 2018 жылы Уимблдонның жартылай финалына дейін жеткен. WTA турнирлерінде төрт рет топ жарды. Осы та­бысының арқасында ол әлемнің бесінші ракеткасы атанды. Қазіргі кезде Елена үздіктер тізі­мінде 29-орынды иеленуде. Өкінішке қа­рай, осындай мықты теннисшіге Юлияның әлі жетпеді. Бұл тартыс 6:3, 2:6, 6:3 есебімен Оста­пенконың пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанға дейін созылатын Индиан-Уэллстегі жарыс әлемдегі көп­теген мықты теннисшінің басын қосты. Оның жүлде қоры 8 359 455 долларды құрап отыр.