«Экономикалық өсудің маңызды факторы ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту болып отыр. Оның ішінде қомақты инвестицияларды өндіруші емес салаларға тарту байқалуда. Жылдың тоғыз айында тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 15,1% құрады.
Инвестиция құрылыс саласында – 1,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%, саудада – 37,8%, ауыл шаруашылығында – 36,7%, ақпарат және байланыста – 14,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –18,9% және қаржы саласында – 15,6% өсті», деді Әсет Ерғалиев.
Оның мәліметі бойынша, өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалып отыр.
«Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 62,8 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 37,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 23,2% артып, 12,1 млрд АҚШ долларына дейін жетті», деді министр.