Үкімет • 12 Қазан, 2021

Экономикада сенімді өсу бар – Асқар Мамин

2436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет басшысы Асқар Мамин ұлттық экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалады. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономикада сенімді өсу бар – Асқар Мамин

«Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4 пайызға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,7 пайызға өсті. Соның ішінде, машина жасауда 22,8, автомобиль құрылысында 31,6 пайыз, локомотивтер мен вагондар өндірісінде 50,5, құрылыс материалдарында 10,1, фармацевтикада 38,1, пластмасса бұйымдары өндірісінде 31,4, киім өндірісінде 14, жиһазда 14,9, дайын метал бұйымдарын шығаруда 17,2 пайыз өсім байқалады», деген Премьер-Министр, қызмет көрсету секторы да карантиндік шектеулердің азаюйына байланысты сенімді түрде қалпына келіп жатқанын еске салды.

«Қазір қызмет көрсету секторы сауда мен байланыстағы жоғары өсу қарқыны есебінен 2,9 пайызды құрады», деді Үкімет басшысы.