Үкімет • 12 Қазан, 2021

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен және Еуропалық Комиссия делегациясымен кездесті

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен және құрамына ЕуроОдақ елдерінің авиациялық билік және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық агенттігінің өкілдері енген Еуропалық Комиссия делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен және Еуропалық Комиссия делегациясымен кездесті

Еуропалық делегация елдегі ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесінің ИКАО стандарттарына сәйкестігін бағалау және жергілікті әуе компанияларының сертификаттау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеуін тексеру мақсатында келді.

Комиссия сарапшылары ҚР авиациялық билігінің елдегі азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды бақылау мен қадағалау жүйесін тексереді. Сапар елдің авиациялық билік орындарының ұшу қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын растап қана қоймай, ұшу қауіпсіздігі үшін кез келген тәуекелді анықтап, оларды бақылауда тиімді шаралар қабылдай алатындығын растауға бағытталады.

п

Министр бұл бағытта көп жұмыс жасалғанын және елдегі ұшу қауіпсіздігін арттыру мәселесінде ілгерілеушілік бар екенін атап өтті.

Жалпы азаматтық авиацияны басқару тәсілдерінде түбегейлі реформа жүргізілді. Қазірде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жұмыс істейді. Оның негізгі функциялары -  ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық бақылау мен қадағалау. Британияның азаматтық авиация агенттігімен (UKCAAi) келісім жасалды.  Саланы реттеудің бұл жаңа моделі ИКАО құжаттарына толық сәйкес келеді. 2021 жылғы тамызда ҚР ИИДМ жүргізген жұмыс ИКАО валидациялық миссиясы барысында жоғары бағаланды және Қазақстанда ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 74%-дан 84%-ға дейін жетті. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15%-ға жоғары. 

ИКАО стандарттарына сәйкестік барлық көрсеткіштер бойынша байқалады:

- негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін;

- азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;

- аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін%;

- әуе айлақтар және жердегі құралдар (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін%;

- авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін өсті.

Нәтижесінде бұл тұрғыдан Қазақстан Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения - 82%, Кипр - 82% сияқты дамыған елдердің деңгейіне жетті.