Экономика • 12 Қазан, 2021

Өнеркәсіпте іскерлік белсенділік артты – Ерболат Досаев

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан экономкасында іскерлік белсенділік индексі құрылыс пен қызмет көрсету саласында бәсеңдеп, өнеркәсіпте артқан. Үкімет отырысында 9 айдың негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берген ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіпте іскерлік белсенділік  артты – Ерболат Досаев

«Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлемде инфляциялық қысымның күшеюімен және ақша-кредит талаптарын күшейтудің күтілуімен қатар жүретін әлемдік ішкі жалпы өнім мен іскерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Үшінші тоқсанда әлем экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамдары бойынша 2021-2022 жылдары қалпына келуді жалғастырады. 2021 жылы әлемде ішкі жалпы өсімнің өсуі 5,7%-ды құрайды. Оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдер арасында Еуроаймақта – 5,3%, Қытайда – 8,5%, Ресейде – 2,7% өсім күтіледі», деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдегі іскерлік белсенділік индексі 3 ай төмендегеннен кейін қыркүйекте қызмет көрсету секторы есебінен 52-ден 53-ке дейін артқан.

«Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі құрылыс пен қызметтердегі белсенділіктің 49,3-ке және 49,1-ге дейін төмендеуіне байланысты 49,8-ге дейін 0,4 тармаққа төмендеді. Өнеркәсіптегі индекс 50,9-ға дейін 1,8 тармаққа өсті», - деді Ерболат Досаев.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше