12 Ақпан, 2014

Ықпалдастық табыс негізі

617 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ИНТЕГРАЦИЯ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ Қазіргі жаһандану заманында оқшауланып өмір сүретін мемлекетті көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Көпқырлылыққа өту жағдайында өңірлік одақтардың рөлі арта түседі. Өйткені, әлемдегі экономикалық даму үрдістері өзара байланыс арқылы дамығанның аты озатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда 200-ден астам түрлі интеграциялық бірлестіктер құрылған. Олардың аса ірілері – Еуропа Одағы, солтүстікамерикалық NAFTA, оңтүстікамерикалық MERCOSUR, АТЭС, БРИКС. Посткеңестік кеңістікте – бұл Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік. Болашақта бұл ұйымдар Еуразиялық экономикалық одаққа трансформациялануы тиіс. Ортақ мақсат бар жерде, экономикалық әлеует біріккен кезде тауарлар мен қызмет көрсетулердің ортақ рыногы құрылады, синергияның тетіктері іске қосылады. Қолда бар әлеуетті тиімді пайдалану жаһандық сын-қатерлер алдында өңірлік экономикалардың орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беріп, іскерлік, қоғамдық және мәдени байланыстарды кеңейте түседі, сонымен қатар, көліктік-коммуникациялық құрылымдар дамып, сауда-саттыққа ынта күшейеді және инвестициялық өзара іс-қимыл мен энергетикалық әріптестік әлеуеті жоғарылайды. Қазақстан – осы үдерістердің белсенді қатысушысы. Мемлекет басшысы сонау 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де негізінде тығыз экономикалық өзара байланыстар жатқан нақты жұмыс істейтін бірлестік құруды ұсынды. Көріп отырғанымыздай, бұл жоба табысты жүзеге асырылу үстінде. Қазақстан, Ресей және Беларусь өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне көтеріліп отыр. Біздің еліміз үшін бұл – ДСҰ-ға кірер алдында бәсекелестік арқылы кәсіпкерлерді шыңдаудың жақсы мүмкіндігі. Әрине, бұл жерде 170 млн. адамдық кең ауқымды рыноктың мүмкіндігі де маңызды болып табылады. Тұтастай алғанда, жаһандық рыноктарға жақын өңірлердегі интеграция табыстырақ жүзеге асырылады. Бұған мысал ретінде Орталық Америка мен Кариб бассейні, Солтүстік Африка, Шығыс Еуропа елдерін келтіруге болады. Интеграциялық үдерістерді белсенділендіру тұрғысынан келгенде, өзінің ірі рыноктары бар өңірлер мен елдер – Азия, Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Үндістан және Қытай перспективалы болып саналады. Еуразиялық интеграция институты дайындаған Еуразиялық интеграция институты дайындаған2 «Егемен Қазақстан» өзінің оқырмандарын әлемдегі жетекші интеграциялық бірлестік­тер­дің қызметі туралы ақпараттармен таныс­тыруын жалғастырады.