Президент • 12 Қазан, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевты жаңа қызметке ұсынды

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевты жаңа қызметке ұсынды

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

«Бүгін Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», деді Рахметуллин. 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум. Негізгі міндеті – тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту.

Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.