Бүгін, КХДР мен Оңтүстік Корея арасында соңғы алты жыл ішінде алғаш рет жоғары деңгейде келіссөздер өтті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Келіссөздер Пханмунчжом шекара бекетінде өтті. Оңтүстік Корея делегациясын Ким Гю Хен үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы бастаса, КХДР тарапын бірлескен фронт басшысының орынбасары Вон Дон Ен бастап келді.
Сейсенбі күні Оңтүстік Корея министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, екіжақты кездесуде 1950-1953 жылдары орын алған Корей соғысы кезінде бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру жөнінде мәселе қозғалмақ. Сондай-ақ келіссөздерде мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұруы талқыланады. Бұдан бұрын бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасын 20-25 ақпанда өткізу жоспарланған еді. Алайда, соңғы сәтте бұл шара кейінге қалдырылды.
Бір-бірінен көз жазып қалған отбасыларды кездестіру шарасы алғаш рет 1985 жылы өткен болатын. Содан бергі 15 жыл ішінде мұндай шара қолға алынбапты. Ал Оңтүстік Корея мен КХДР арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер соңғы рет 2007 жылы өткізілген екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ria.ru.
Фото: Itar-tass.com.
• 12 Ақпан, 2014
КХДР мен Оңтүстік Корея бауырластық туралы келіссөз жүргізді

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше