Спорт • 12 Қазан, 2021

Атауын ауыстырған «Астана»

257 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғыЖолдауында кәсіби спорт клубтарын мемлекетесебінен ұстаудың орынсыз екенін атап көрсеткенненкейін қазақстандық Astana Pro Team кәсіби велоклубыканадалық демеуші тауып, атауын Astana-PremierTech деп өзгерткен еді. Арада бір жыл өтпей жатыпқазақстандық команда атауын қайта ауыстырып, ендігі жарыстарға Astana Qazaqstan Team дегенатаумен қатысатын болды. Бұлкоманданыңқұрылған уақыттан бергі үшінші атауы.

Атауын ауыстырған «Астана»

2007 жылдан бері Astana Pro Team атауы­мен өнеркөрсеткен команда осы жылдың басында Astana-PremierTech деп өзгерген еді. Бірақ осы жылдың тамыз айындавелоклубтың баспасөз қызметі жыл соңында канадалықPremier Tech компаниясы Astana-Premier Tech командасыныңтең иегері әрі демеушісі болмайтынын, велокомандаменсеріктестікті тоқтататынын мәлімдеген екен. Сөйтіп арадаекі ай өткенде «Астана» клубының атауы Astana QazaqstanTeam болып өзгеретіні белгілі болды. Атаудағы Qazaqstanжазуы қазіргі заманда мемлекеттің ежелгі дәстүр­лерін, тілін, мәдениетін және даму стратегиясын біріктіретінхалықаралық аренадағы жаңа бренді болмақ дейді клуб басшылығы.

«2022 жылдан бастап біздің велокоманда Astana QazaqstanTeam жаңа атауымен өнер көрсетеді. Бұлбіздің еліміз үшінөте маңызды. Мемлекетіміздің атауы велосипедшілердіңспорттық киімінде және команданың жаңа логотипіндежазулы тұр. Мұның барлығыдәстүр жалғастығыныңбелгісі. Сонымен қатар команда алға екі маңызды мақсатқойды. Оның біріншісіәлемдік аренада еліміздің имиджінкөтеру болса, ал екіншісіотандық велоспортты дамыту. Жоба қайта жаңғырып, команданы дамытудың жаңа кезеңінедайындалады. Мен ел Үкіметіне, сондай-ақ командағабелсенді қолдау көрсететін «Астана» кәсіби спорт клубынаерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазақстандықвелоспорт федерациясы жаңартылған команданы дамытудажәне алдағы уақытта талқыланатын жоспарларды жүзегеасыруда маңызды рөл атқаратынына қуаныштымын. Сондай-ақ біздің федерация директорлар кеңесінде де, AstanaQazaqstan Team командасының менеджментінде де болатыны қуанарлық жайт. Біз отандық спортшылар мен мамандардың кәсіби шебер­ліктерін шыңдауда федерация тарапынан команданың жұмысын күшейту, сондай-ақ AstanaQazaqstan Team кәсіби клубының қазақстандық велоспорт өміріне белсене қаты­суын арттыру жағын қарас­тырамыз», деді Қазақстан велоспорт фе­дерациясының пре­зи­дентіНұрлан Смағұ­лов.

«Астана» велоклубы құрылғаннан бастап команданыңбасы-қасында жүріп, кейіннен команданың бас менеджеріатанған Александр Винокуров біраз уақыт бұрын басшылыққыз­мет­тен аластатылған еді. Енді жаңа атаумен біргеОлимпиада чемпионы да өз қызме­тіне қайта оралды.

«Біздің команданың Astana Qazaqstan Team брендімендамуын одан әрі жалғастыратынына қуаныштымын. Сонымен қатар команданың басшылық қызметіне бас менеджер ретінде оралу – мен үшін үлкен мәртебе. «Астана» жобасы 16 жыл бойы әлемдік спортта біздің елдіңтөлқұжаты секілді болды. Мен Елбасына, Пре­­зи­дентке ұзақжылдар бойы қолдау мен сенім көрсеткендері үшіналғысымды білдір­гім келеді. Astana Qazaqstan Teamко­ман­даның жаңа атауы ғана емес, бұл біздің спорттық брендтіинтеграциялауға және Қазақ­станның ірі халықаралықсеріктес ретінде ілгерілеуге баса назар аударатынжаңартылған жобаның философиясы. Қазіргі таңда жаңамаусымға дайындық және команданы жоғары дивизионғатіркеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сонымен қатар бізқосымша жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оны жақын арада жариялайтын боламыз», деді команданың бас менеджері Александр Винокуров.

Команданың атауы өзгергеннен кейін «Ас­тана» өзқатарына жаңа велошабандоздар­ды қоса бастады. Оныңалғашқысыамерикалық Джо Домбровски. Кәсібимансабын 2013 жылы бастаған 30 жастағы велошабандоз ал­да­ғы екі маусымды қазақстандық командада өткізеді.

Таулы кезеңнің велошабандозы саналатын ол биылғы «Джирод’Италияның» 4-кезеңін жеңіп алды. Сонымен қатар 2015 жылғы«Юта Турының» жалпы есебінде топ жарса, сол жылғы«Калифорния турының» бас клас­си­фикациясында 4-орын, 2018 жылғы «Колорадо Классикасында» бесінші орынды иеленді. Сондай-ақ ол 2019 жылы «Джиро д’Италияның» жалпы есебінде12-нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар