Сауд Арабиясының Жидда қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында өткен әлем чемпионатына Қазақстаннан небәрі екі спортшы ғана қатысқаны мәлім. Олардың екеуі де асқан шеберлік танытып, алтын тұғырдан көрінді.

Жарыс жолына 102 кг салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Рахат Бекболат шыққанда оның бас жүлдені олжалайтынына күмәнданғандар кемде-кем еді. Себебі ол бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында әлем және құрлық чемпионы атанып, сан рет рекордтық көрсеткішті жаңартты. Сыр бойының жас саңлағы ересектер дуына да еркін қосылып, бірқатар дүбірлі додада мықтылығын мойындатты.
Р.Бекболат Жиддадағы жарыста да жасындай жарқылдады. Қоссайыстың қорытындысы бойынша 355 (155+200) кг зілтемірді еркін еңсерген ол бас жүлдені қанжығасына байлады. Күміс медальды иеленген Түркияның тастүлегі Танер Чаглар қандасымыздан 18 кг кем көтерді. Қола жүлде Ирак спортшысы Аммар Рубайави Алиге бұйырды.
Сондай-ақ кеше Руфина Шалқарованың да асқан шеберлігіне тәнті болдық. +81 кг салмақта сынға түскен ол 247 (107+140) кг көрсеткішпен алтыннан алқа тақты. Өзге зілтеміршілер қазақ қызына жарытып қарсылық та көрсете алмады. Мәселен, екінші орынға табан тіреген бразилиялық Тиана Жустино Руфинадан 28 кг кем көтерді. Үшінші сатыға түркиялық Фатмагүл Чевик жайғасты. Оның көрсеткіші – 203 кг.
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар