Қазан айының екінші жартысында Ресейде теннистен екі бірдей халықаралық турнирдің шымылдығы түріледі. Бірі – Мәскеуде, екіншісі Нева жағалауында өтеді. Қазірдің өзінде Қазақстанның белді ойыншыларының біразы бұл бәсекелерге шақырту алып отыр.

Мәскеудегі Олимпия стадионында өтетін Кремль кубогы жолындағы жарыстың 31 жылдық тарихы бар. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында тұсауы кесілген турнирдің алғашқы екеуінде корт қожайыны Андрей Черкасовтың асығы алшысынан түсті. Ал айтулы додада ең көп олжаға кенелген Ресейдің жұлдызы Евгений Кафельников екенін спортсүйер қауым жақсы білуге тиіс. 1997-2001 жылдар аралығында ол бес рет бас жүлдені олжалады. ХХІ ғасырдың басында Николай Давыденконың дәуірі жүрді. Ол үш рет теңдессіз деп танылды. Әйелдер сайысында екі реттен топ жарған үш теннисші бар. Олар – ресейлік Анастасия Мыскина (2003, 2004) мен Светлана Кузнецова (2015, 2016) және франциялық Мари Пирс (1998, 2005). Қазақстандықтар арасында ең үздік көрсеткішке Михаил Кукушкин қол жеткізді. 2013 жылы жалауы желбіреген жарыста жерлесіміз ақтық сынға дейін алқынбай жетіп, шешуші тұста Францияның мықтысы Ришар Гаскеге есе жіберді. Сондай-ақ 2011 жылы америкалық Ваня Кингпен жұп құраған Ярослава Шведова осы турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазіргі кезде Кремль кубогының жүлде қоры 1 345 045 АҚШ долларын құрап отыр.
16-24 қазан аралығында өтетін жарыста еліміздің ерлер мен әйелдер арасындағы бірінші ракеткалары Александр Булик пен Елена Рыбакина өнер көрсетеді.
Нева жағалауында St. Petersburg Open додасы өтеді. Аталған жарыс 1995 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Тұсаукесер турнирде Евгений Кафельников қарсылас шыдатпады. Ең нәтижелі өнер көрсеткен ойыншылар көшін ресейлік Марат Сафин (2000, 2001), швециялық Томас Юханссон (1997, 2005) және ұлыбританиялық Энди Маррей (2007, 2008) сынды саңлақтар бастап тұр. Олар екі реттен дара шықты.
Кезінде бұл жарыста қазақстандық теннисшілердің де бақ жұлдызы жанғанын айта кетсек, еш айыбы жоқ деп ойлаймыз. Мәселен, 2008 жылы Андрей Голубев ақтық сайысқа жолдама алды. Алайда шешуші сында ол Энди Маррейге есе жіберді. 2010 жылы Михаил Кукушкиннің қарқынына ешкім шыдамады. Жерлесіміз финалда корт қожайыны Михаил Южныйды сан соқтырды.
Қазақстанның екі-үш теннисшісі 24-31 қазан аралығында «Сибур Аренада» өтетін дүбірлі додада күш сынасамыз деп құлшынып отыр. Себебі жүлде қоры 1 399 370 АҚШ долларын құрайтын St. Petersburg Open додасында табысты өнер көрсету қай теннисшіге болса да үлкен мәртебе.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар