Күні кеше ғана Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлері Қытайда қандай құрамда өнер көрсететіндерін жария етті. Ерлер арасында Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов және Мерсаид Жақсыбаев сынды шорт-трекшілер сайысқа түседі. Әйелдер сайысында Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшыманова, Яна Хан, Ольга Тихонова, Алена Волковицкая және Мәдина Жанбосыноваға сенім артылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың соңына дейін Әлем кубогы санатына енетін тағы төрт кезеңдік сайыстар өтеді. Бұл бәсекелерді Жапонияның Нагоя (28-30 қазан), Мажарстанның Дебрецен (18-21 қараша) және Нидерландтың Дордрехт (25-28 қараша) қалалары қабылдайды.