Әлем • 13 Қазан, 2021

Қырғызстанда жаңа Министрлер кабинетінің құрамы мақұлданды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (Парламентінің) Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылыс, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі комитеті президент Садыр Жапаров ұсынған Министрлер кабинетінің құрамын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда жаңа Министрлер кабинетінің құрамы мақұлданды

Кабинет басшысы қызметіне Ақылбек Жапаров ұсынылды. Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Министрлер кабинетінің отставкасы туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

Жарлыққа сәйкес Қырғызстан Министрлер кабинеті таратылды. Оның мүшелері қызметтерін атқарған адамдар жаңа құрам қалыптасқанға дейін өз міндеттерін атқарады.