Әлем • 13 Қазан, 2021

Канада Ауғанстаннан қашқан 40 мың босқынды қабылдайды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ауғанстаннан келген 40 мың босқынды қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канада Ауғанстаннан қашқан 40 мың босқынды қабылдайды

Бұған дейін елдің иммиграция министрі Марко Мендицино Канада ең осал топтардан 20 мыңнан астам ауған азаматтарын қабылдайтынын айтқан болатын.

«Канада 40 мың босқынды қабылдайды және біз басқаларды босқындардың қауіпсіз қоныс аударуына қолдау көрсетуге шақырамыз», деп жазды Трюдо Twitter-де.