Ұлттық валюта бағамының өзгеруiнен түсетін қаржыны үнемдеп, оны бизнестi дамыту ісіне бағыттауға болады. Әйткенмен, теңге бағамы өзгеруiнiң әсерiн жарты жыл өткеннен кейiн ғана байқай аламыз. Себебi, бiз Ресей және шетелдiк өндiрушiлермен ашық нарықта жұмыс iстеп жатырмыз. Бүгiнгi күннiң өзiнде серiктестерiмiздiң 50 пайызы келiсiм бойынша өз мiндеттерiн орындауды уақытша тоқтатып отыр. Енді мына өзгеріске орай олармен жаңа байланыс орнатармыз. Негізі, қазіргі таңда кәсіпорында келешекте қандай баға төңірегінде жұмыс жүргiзiлетiнiн анықтау мақсатында арнайы топ құрылды. Осы жұмыс тобы жағдайды зерттеп, зерделеп болған соң нақты шешімдер қабылдайтын боламыз. Сондықтан дәл қазір осы мәселеде нақты пікір айтуға әлі ертерек.
Ал енді, теңге бағамын түзетуден түсетін қаржыны үнемдеп, соның нәтижесінде кәсіпорындарымызды модернизациялап, өндiрiстiк қорларымызды жаңартуға мүмкiндiк алғалы отырмыз. Қазiргi уақытта Үкiмет Жезқазған өңiрiн дамыту бойынша шешiм қабылдағаны белгiлi. Бұл бағдарлама үш жылға арналған. Валюта бағамының өзгеруiнен үнемделген қаржыны бiз осы бағдарламаны iске асыру қарқынын жылдамдатуға бағыттайтын боламыз. Сондай-ақ, жұмысшыларымыздың әлеуметтік жағдайын жақсарту шарасы да басты назарда. Демек, келер пайданың бір бөлігі осы әлеуметтік сауықтыру шараларына бағытталады.
Эдуард ОГАЙ,
«Қазақмыс» корпорациясы»
ЖШС басқарма төрағасы.