13 Ақпан, 2014

Тұрақты дамуға бастайды

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Біздің экономикамыздың арқауы болып келген және солай болып қала беретін кен-металлургия кешені қазір ауыр жағдайды бастан кешуде. Соңғы бірнеше жылдар бойына сала қолайсыз нарық жағдайында жұмыс істеуде. Бағалар айтарлықтай төмендеді. Мәселен, алюминий саласында ол 15 пайызға төмендесе, ол үрдіс әлі де жалғасуда. Дағдарыс жағдайын бастан кешуші тек біз ғана емес. Бірақ өткізу рыногы үшін күресте біздің жақын көршілеріміз теңгенің қымбаттығынан артықшылықтарға ие болуда. Біз барынша қатаң үнемдеу шараларын қабылдауға мәжбүр болдық. Өзіміздің инвестициялық бағдарламамызды қайта қарадық.Тіпті, ең бір ауыр мәселе болып табылатын персоналды қысқарту жайы да күн тәртібінде тұрды. Осындай жағдайда біз долларға қатысты теңгенің шынайы бағамын белгілеу ісін отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетудегі ықпалды шара ретінде қабылдаймыз. Жаңа айырбас бағамы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс орындарын сақтауға, ал біздің инвестициялық бағ­дарламаларымызды қайта қарауымызға, демек, жаңа жұмыс орындарын ашуға, әлеуметтік бағ­дар­ла­ма­ларды қаржыландыруға, сонымен қатар, бюджетке төленетін төлемдер көлемін арттыруға жағдай жасайтын болады. Бұл мәселенің тағы бір аспектісі бар. Бұдан тек ірі бизнес қана ұтысқа шықпайды, осы уақыттарға дейін ішкі рыноктарға тауар жеткізуде Кеден одағы бойынша көршілерден ұтылып келген отандық бизнес өкілдері – шағын және орта кәсіпкерлік саласы үшін де артықшылықтар пайда болады. Егер біздің қызметкерлерге келер болсақ, олар кәсіпорын экономикасының тұрақтылығына, демек, сол арқылы тұрақты жұмыс пен еңбекақыға қол жеткізетін болады. Сондықтан да біз Үкіметтің тұтыну тауарлары бағасының негізсіз өсіп кетуіне жол бермеу жөнінен қабылдаған шараларын қолдаймыз және бұл тұрғыда барынша қатаң қадағалау болуы керек деп есептейміз. Елена ПОПАНДОПУЛО, ENRC Қазақстанның басқарушы директоры.