Коронавирус • 13 Қазан, 2021

Алексей Цой ковид науқастарға арналған ауруханалардың жабылу себебін айтты

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алексей Цой Қазақстандағы ковид науқастарға арналған ауруханалардың жабылуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Цой ковид науқастарға арналған ауруханалардың жабылу себебін айтты

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты 25 тамыздан бастап ковид науқастарға арналған аурухана ретінде көмекке жұмылдырылған 103 нысан (33 465 төсек-орын) жабылды. Қажет болған жағдайда, бұл орындар резервтік ретінде қайта пайдалануға беріледі», делінген хабарламада.

Айта кетелік, елімізде 908 847 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Өңірлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Ауру жұқтырғандардың ең аз мөлшері Маңғыстау облысында тіркелді.