Үкімет • 13 Қазан, 2021

Моңғолияның сыртқы істер министрі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Моңғолия сыртқы істер министрі ресми сапармен елімізге келді. Батмунхийн Батцэцэгтің сапары Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Моңғолияның сыртқы істер министрі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу барысында тараптар сауда-саттық, экономика және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан жағы арадағы тауар айналымының динамикасына оң бағасын берді. Өз кезегінде Моңғолия тарабы әріптестікті нығайтуға дайын екендерін жеткізді.

Екі елдің Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің кездесуі барысында 2021-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі жоспарға қол қойылды.