Бокс • 13 Қазан, 2021

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына дайындалуда

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан командасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына дайындалуда

Жиынға жалпы есебі 60 боксшы қатысуда. Спортшылар Белградта өтетін әлем чемпионаты қарсаңында дайындықтарын пысықтауда.

Кейбір салмақта әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды анықтау үшін спаррингтік кездесулер өткізіледі.

Жаттығу жиыны 21 қазанға дейін жалғасады.