Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тапты

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында 3 көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында «LPG Trade» газ құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «ГАЗель» және «Daewoo Nexia» көліктерімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Chevrolet Cobalt« автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ, зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», делінген баспасөз хабарламасында. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.