
Тәліптер сондай-ақ өздерінің халықаралық міндеттерін орындағанын және өзге елдерге лаңкестік қауіп төндіріп тұрмағанын айтады. Сондықтан жаңа үкіметпен байланыста дипломатиялық жолмен әрекет етуге шақырды. Айта кетейік, тәліптер өткен тамыз айының ортасында Ауғанстандағы билікті басып ала салысымен барлық елдер ондағы елшіліктерін жапқан. Ал тәліптер билігін тану үшін ең алдымен адам құқықтарын сақтауды талап етілген еді.