Бұл туралы БҰҰ-ның Сеулдегі адам құқықтары жөніндегі кеңсесінің сайты жазады.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Томас Оеа Кинтана өз баяндамасында «әлсіз балалар мен қарттар» аштық қаупіне көбірек ұшырайтынын айтты. Солтүстік Корея пандемияға байланысты бүкіл әлемнен одан сайын оқшаулана түсті.
«Үкіметтің пандемияға қарсы шектеулері мен қырағылығы адам өміріне қауіп төндіретін осы мәселенің алдын алуға көмектесті. Бірақ ұзақ уақыт оқшаулау мен шекараның жабылуы азық-түлік пен басқа да денсаулық проблемаларына, тұрғындардың экономикалық жағынан қиындық көруіне себеп болды», делінген арнайы өкілдің есебінде.