13 Ақпан, 2014

Жаңа айырбас бағамы жаңа мүмкіндіктер ашты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының жентек өндіру фабрикасы сапалы темір жентегін өндіреді. Біздің кәсіпорынның өндірген өнімі тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. «ССКӨБ» республикадағы экспорттаушы кәсіпорынның бірі де, бірегейі де болып табылады. Біздің фабрика өндірген темір жентегін Ресей мен Қытайдағы металл комбинаттары алады. Біздің өндіріс үшін теңгенің жаңа айырбас бағамының игілікті әсері болып отыр. Доллар курсының өсуі бізге табыс әкеледі. Тауарды сырттағы тұтынушыларға теңгенің жаңа айырбас бағамымен ұсынамыз. Табыс молайған са­йын біздің де қосымша инвестиция тартуға, жаңа технологияларды игеруге, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға асығарымыз анық. Ұлттық валютамыздың жаңа айырбас бағамы – бірлестіктің, өндірістің дамуы үшін бізге берілген жаңа мүмкіндік. Демек, алда ел игілігі үшін алынатын жаңа асулар күтіп тұр. Владимир АЩЕУЛОВ, «ССКӨБ» акционерлік қоғамы Жентек өндіру фабрикасының директоры. РУДНЫЙ.