Әлем • 14 Қазан, 2021

Париж Душанбенің Ауғанстанға қатысты ұстанымын құптайды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Президенті Эммануэль Макрон Душанбенің Ауғанстанға қатысты ұстанымын құптады, деп хабарлайды Egemen.kz ASIA-Plus-ке сілтеме жасап.

Париж Душанбенің Ауғанстанға қатысты ұстанымын құптайды

«Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасы ұзын және бұл қазір үлкен алаңдаушылық туғызады», деді Макрон Тәжікстан Президентімен келіссөздер алдындағы баспасөз конференциясында. 

Француз көшбасшысы Тәжікстанның аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш -жігерін, сондай-ақ Душанбенің «террористік топтарға қатысты ымыраға келуге» жол бермеу туралы ұстанымын атап өтті.