Аймақтар • 14 Қазан, 2021

Алматы облысындағы өзеннен қиыршық тастар заңсыз өндірілген

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының полицейлері Қаратал өзенінен қиыршық тасты заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысындағы өзеннен қиыршық тастар заңсыз өндірілген

«Алматы облысы ПД полиция қызметкерлері «Жер қойнауын қорғаймыз» профилактикалық іс-шарасының бірінші күні табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісін анықтады. Коммерциялық ұйым ешқандай құжатсыз өзен жағасынан қиыршық тасымалдады. Учаскелік инспекторлар мен патрульдік қызмет қызметкерлері олардың техникасын алып, әкімшілік материал жасады. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 24 қылмыстық және 52 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталып, 2 млн 300 мың теңгеден астам айыппұл салынды», деп түйіндеді Алматы облысы ПД ЖПҚБ ӨҚҚБ аға инспекторы Серік Байғозинов.

Жиналған материал табиғат пен мемлекетке келтірілген зиянды есептеу үшін экология департаментіне беріледі, содан кейін іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Облыс аумағында 13-15 қазан аралығында «Жер қойнауын қорғаймыз» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл іс-шара кең таралған пайдалы қазбаларды - құм, қиыршық тас, ұсақ тас және топырақ, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған. Облыстың автожолдарында жүк көлік құралдарын тексеру жүзеге асырылады.