Қазақстан • 14 Қазан, 2021

ҚР Президентінің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Президентінің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

Отырыс бейнеконференцбайланыс форматында өтуде. ЖЕЭК отырысының тікелей көрсетілімін «Хабар 24» телеарнасынан көруге болады.

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ЕАЭО елдері басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдерінің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайтыны туралы хабарлаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында мемлекеттер басшылары Одақтың Климаттық күн тәртібі туралы мәлімдемені қабылдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті 15 Қазанда Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнеконференцбайланыс форматында өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. 2022 жылы ТМД-ға төрағалық Қазақстанға өтеді.