13 Ақпан, 2014

Комиссия жиналысына қатысты

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен Мәжіліс депутаты Серікжан Қанаев Баку қаласында өткен ТүркПА Экономика, сауда және қаржы мәселелері бойынша комиссиясының үшінші отырысына қатысты. Жиында «Көлік байланы­сы­ның түркітілдес елдер ара­сын­дағы экономикалық ынтымақ­тас­тықтағы рөлі» туралы баян­дама тыңдалып, ТүркПА-ға мүше елдердің парламенттері мен үкі­мет­теріне арналған ұсыныстар қа­былданды. Жиналыс барысында сөз алған сенатор С.Еңсегенов Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жол­дауы­ның негізгі ережелерімен таныс­тырды. Сондай-ақ, сенатор Қазақ­станның көлік және транзит әлеуетін ұлғайту шаралары туралы айта келіп, Қорғас, Жетіген, Өзен – Түркіменстан шекарасы темір­жол тармақтарының іске қосылғанын және ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Бейнеу теміржол тармағы мен Батыс Қытай – Батыс Еуропа мемле­кет­ара­лық тас жол­­дың қазақ­стан­дық бөлігін салу жұмыс­тарының алда­ғы уақытта аяқта­латы­ны туралы хабардар етті. Бұл тұрғыда С.Еңсегенов көлік қатынастары саласында ТүркПА-ның сараптамалық әлеуетін күшейте отырып, таяу болашақта үлгі заңдар қабылдауға назар аудару қажеттігі туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.