Әлем • 14 Қазан, 2021

Куба қазақстандық туристерден ПТР талап етпейді

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Куба Президенті Мигель Диас-Канель Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Куба қазақстандық туристерден ПТР талап етпейді

«Туризм секторы бірлескен қызмет үшін үлкен перспективаларға ие. Оны Ресеймен жүзеге асырылған соңғы тәжірибе растайды. Біз одаққа мүше елдерден келген туристер үшін қолайлы әрі тартымды жағдай жасауға дайынбыз. Ол үшін Кубаны әртүрлі арналар мен аймақаралық радио, теледидар және мамандандырылған БАҚ платформалары арқылы туристік бағыт ретінде жылжытуды жандандыру қажет», деді ол.

Ол атап өткендей, 15 қарашадан бастап Куба халқының 90 пайыздан астамы вакцинацияланған кезде шекара біртіндеп ашылады.

«Шекара біртіндеп ашылып, келген жолаушыларға арналған санитарлық-гигиеналық хаттамалар жеңілдетіледі. Жолаушылардан ПТР-сынамасы талап етілмейді. Вакцинация туралы сертификат мойындалады. Біз Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армениядан келген қонақтарымызды, аға-інілерімізді қарсы аламыз», деді Куба Президенті.