Экономика • 15 Қазан, 2021

Құбыр зауытына – 15 жыл

254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазан айында Қазақ­станда диаметрі үлкен бо­лат құбырлар шыға­ра­тын жалғыз зауыт – «ArcelorMittal Products Aktau» АҚ өзінің 15 жыл­дығын атап өтеді. Осы уа­қыт ішінде кәсіпорын 170 мың тоннадан ас­там құ­быр өнімдерін шы­ғарып, сат­ты. 920 шақырымнан ас­там құ­быр коррозияға қар­сы жа­бынмен өңделді.

Құбыр зауытына – 15 жыл

Зауыт Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтау қаласында құрылды. 2006 жыл­дың сәуірінде Елбасы кәсіп­орын­ның іргетасын қалады, сол жылы қазан айында құбыр өн­дірісі басталды. Бүгінде зауыт жылына 60 мың құбыр өнімін шығаратын және құбырларды 1,4 млн шаршы метр қорғаныс жабынымен өңдейді.

Кәсіпорында құбыр-элек­тр­мен дәнекерлеу цехы (ҚЭДЦ), қорғаныс жабындар цехы (ЖӨӨ) және өндірістік сы­нақ зерт­ханасы (ӨАЗ) жұмыс іс­тей­ді.

Зауыт диаметрі 458 мм-ден 1 420 мм-ге дейін, қабырғасының қа­лыңдығы 6 мм-ден 19 мм-ге дейін болат спираль құбырлар шығарады; сыртқы үш қабатты полиэтилен жабынын, сыртқы 1 және 2 екі қабатты эпоксидті жабынды, ішкі эпоксидті жабынды қолданады, сонымен қатар металлографияны, дәнекерленген қо­сылыстың механикалық сы­нақтарын, құбырдың негізгі кор­пусын және қорғаныс жабындарын, металды химиялық талдауды жүргізеді.

Кәсіпорын тік тігісті құбыр­лар шығаратын цехты және ППУ оқшаулау цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы құны шамамен 69 млн долларды құрайды.

Ананд Донгре, «Arcelor­Mittal Products Aktau» АҚ бас директоры: «Осыдан 15 жыл бұрын біздің дәнекерлеу цехымызда алғашқы құбыр шығарылды. Содан бері 170 мың тоннадан астам құбыр өн­дірілді. Біздің зауытта шы­ға­рылған құбырлар бүкіл Қ­азақ­стан бойынша жылу трассаларында, су, мұнай және газ құбырларында пайдаланылады және қазақстандықтардың өмірін жақсартуда.

Мен компания арқылы қа­лыптасқан көптеген достық қатынастар мен байланыстарға ри­замын. Өйткені бұл компания ұжымы мен үшін екінші отбасы сияқты. Сондай-ақ әр қыз­меткерге, оның қандай лауазы­м атқаратынына қарамастан, ризамын. Бұл істе әркімнің үлесі маңызды. Қызметкерлердің ұқыптылық, сенім, кемелдік, бірлік сияқты қасиеттері ком­паниямыздың қызметі мен дамуы үшін қажет. Бұл жол оңай болған жоқ, бірақ осы жылдар ішінде біздің компания бір­шама кеңейді. Көтерілген де, құлдыраған да кездеріміз бол­ды, алайда біз еңсемізді түсірген жоқпыз. Болашақта да өсе береміз деп үміттенемін, өйткені бұл тек бастамасы ғана. Біз қызметкерлеріміздің сапалы еңбегін бағалаймыз және мемлекет тарапынан қо­лайлы жағдай жасалғанына ризамыз. Алдағы жылдар бұ­дан да жемісті болуы және ком­панияның жетістігі үшін еңбек етейік!».