Зауыт Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша Ақтау қаласында құрылды. 2006 жылдың сәуірінде Елбасы кәсіпорынның іргетасын қалады, сол жылы қазан айында құбыр өндірісі басталды. Бүгінде зауыт жылына 60 мың құбыр өнімін шығаратын және құбырларды 1,4 млн шаршы метр қорғаныс жабынымен өңдейді.
Кәсіпорында құбыр-электрмен дәнекерлеу цехы (ҚЭДЦ), қорғаныс жабындар цехы (ЖӨӨ) және өндірістік сынақ зертханасы (ӨАЗ) жұмыс істейді.
Зауыт диаметрі 458 мм-ден 1 420 мм-ге дейін, қабырғасының қалыңдығы 6 мм-ден 19 мм-ге дейін болат спираль құбырлар шығарады; сыртқы үш қабатты полиэтилен жабынын, сыртқы 1 және 2 екі қабатты эпоксидті жабынды, ішкі эпоксидті жабынды қолданады, сонымен қатар металлографияны, дәнекерленген қосылыстың механикалық сынақтарын, құбырдың негізгі корпусын және қорғаныс жабындарын, металды химиялық талдауды жүргізеді.
Кәсіпорын тік тігісті құбырлар шығаратын цехты және ППУ оқшаулау цехын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы құны шамамен 69 млн долларды құрайды.
Ананд Донгре, «ArcelorMittal Products Aktau» АҚ бас директоры: «Осыдан 15 жыл бұрын біздің дәнекерлеу цехымызда алғашқы құбыр шығарылды. Содан бері 170 мың тоннадан астам құбыр өндірілді. Біздің зауытта шығарылған құбырлар бүкіл Қазақстан бойынша жылу трассаларында, су, мұнай және газ құбырларында пайдаланылады және қазақстандықтардың өмірін жақсартуда.
Мен компания арқылы қалыптасқан көптеген достық қатынастар мен байланыстарға ризамын. Өйткені бұл компания ұжымы мен үшін екінші отбасы сияқты. Сондай-ақ әр қызметкерге, оның қандай лауазым атқаратынына қарамастан, ризамын. Бұл істе әркімнің үлесі маңызды. Қызметкерлердің ұқыптылық, сенім, кемелдік, бірлік сияқты қасиеттері компаниямыздың қызметі мен дамуы үшін қажет. Бұл жол оңай болған жоқ, бірақ осы жылдар ішінде біздің компания біршама кеңейді. Көтерілген де, құлдыраған да кездеріміз болды, алайда біз еңсемізді түсірген жоқпыз. Болашақта да өсе береміз деп үміттенемін, өйткені бұл тек бастамасы ғана. Біз қызметкерлеріміздің сапалы еңбегін бағалаймыз және мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалғанына ризамыз. Алдағы жылдар бұдан да жемісті болуы және компанияның жетістігі үшін еңбек етейік!».