13 Ақпан, 2014

Шарайна

271 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Ұшақ апатынан 77 адам қаза тапты Шарайна-1Алжирде «С-130 Hevcules» әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы кезінде 77 адамның қаза табуына байланысты үш күндік қаралы күн жарияланды. Опат болғандардың көпшілігі алжирлік әскерилер мен олардың отбасылары сияқты. Жергілікті БАҚ-тардың ақпараттарына қарағанда, ұшақ бортындағы адамдардың біреуі ғана тірі қалған. Әскери қызметші болып табылатын ол басынан алған ауыр жарақатпен Константин госпиталінде жатыр. Таманрассетадан ұшып келе жатқан әскери-көлік ұшағы 11 ақпанда тауға соғылған. Апатқа не себеп болғаны қазірге белгісіз. Әскери тергеушілер ұшақ қолайсыз ауа райы салдарынан апатқа ұшырауы мүмкін дегенді айтады. Өйткені, сол күні қатты жел соғып, қар борап тұрса керек.   Штаттарда төтенше жағдай жарияланды АҚШ билігі қатты қар жаууының жақындап қалуына байланысты елдің алты штатында төтенше жағдай режімін жариялады. Бұл жөнінде кеше «Ассошиейтед пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.

Шарайна-2Төтенше жағдай Вирджинии, Мэриленд, Миссисипи, Джорджии, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында енгізіліп отыр. Солтүстік Каролина мен Джорджии штаттарында мектептер 13 ақпанға дейін жабылған. Кеше Атланта, Даллас және Солтүстік Каролинадағы әуежайларда 900 рейстің ұшу уақыты ауыстырылған. Жалпы, ел аумағы бойынша кейінге қалдырылған авиарейстердің саны екі мыңға жуықтайды. Жергілікті билік тұрғындарды жеке көліктерін қолданбауға, сондай-ақ үйлерінен шықпауға кеңес беруде.

  Жоғары деңгейдегі келіссөздерін бастады Кеше Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея соңғы жеті жыл ішінде алғаш рет жоғары деңгейдегі келіссөздерін бастады. Шарайна-3Пханмунчжо шекаралық бекетінде өтетін бұл келіссөздерге Оңтүстік Корея делегация­сына үкімет жанындағы ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшылығының басшысы, ал Солтүстік Корея делегациясына Оңтүстік Корея қатынастарымен айналысатын Вон Дон Ен жетекшілік етуде. Келіссөздердің күн тәртібі құпия күйінде қалып отыр. Сарапшылардың болжамынша, келіссөздерде 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы кезінде бір-бірінен ажырап қалған отбасылардың кездесуін өткізу мәселесі талқыланады. Сондай-ақ, КХДР Оңтүстік Кореяны жыл сайын АҚШ-пен бірге бірлесіп өткізетін әскери жаттығудан бас тартқызуға үгіттеу мәселесі де бар сияқты.   Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, соңғы төрт тәулік ішінде Сирияның Хомс қаласынан 1130-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 500-ге жуығы балалар. Шарайна-4Бүгінде бұл қалаға өз үйлерін тастап кеткісі келмегендерге гуманитарлық көмектер жеткізу жұмысы жалғастырылып жатыр. Олардың саны 2,5 мыңға жуықтайды деген дерек бар. Қарулы оппозицияның бақылауында тұрған қаладан тұрғындарды көшіру Сирия билігі мен көтерілісшілер арасындағы келісім бойынша жүзеге асырылуда. 2012 жылдың ортасынан бері соғыс қимылдары бір толас­тамағандықтан, бейбіт тұрғындар қаладан шыға алмай келген еді.   Жаңа орденмен әйелдер ғана наградталады Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов елде «Әйел рухы» деген жаңа орден тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл орден 1996 жылы С.Ниязовтың анасының құрметіне шығарылған орденнің орнын басады. Шарайна-5«Новости» агенттігінің хабарлауынша, жаңа награда республиканың тәуелсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосқан, сондай-ақ, экономиканы, ғылым мен мәдениетті дамытуда ерекше көзге түскен әйелдерге беріледі. Аталған орденмен Түркіменстанмен екіжақты қатынастарды дамытуға еңбек сіңірген өзге мемлекеттердің де әйелдері наградталады. Бір атап өтерлігі, осы орденмен наградталғандарға 300 доллар қоса табыс етіледі.   Шынымен солай болған ба?! Британдық ғалымдар Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің саясатынан құрбан болғандардың санын есептеп шығарды. Зерттеуді бірқатар университеттің қызметкерлері жүргізген. Шарайна-6Сарапшылар Тэтчердің реформалары кезінде жұмыссыздық артты, мемлекеттік жәрдемақы қысқарды, бұлар көптеген британдық азаматтардың ертерек өмірден озуына соқтырды деген қорытынды жасаған көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, Тэтчердің жүргізген саясатынан жыл сайын 2,5 мың адам құрбандыққа ұшыраған. Олар, сондай-ақ, бұл «айсбергтің ұшы» ғана екендерін айтыпты. Қысқа қайырып айтқанда: Сеул қаласының тұрғыны 2007 жылы обыр ауруынан қайтыс болған күйеуінің жансыз денесімен жеті жыл бірге тұрып келіпті. Ол күйеуінің денесін бальзамдап қойған екен. Ресей мемдумасының комитет төрағасы Алексей Пушков Ресей тарихын қорғау туралы заң қабылдауды ұсынды. Оның пікірінше, Ресейде де, шетелдерде де тарихты бұрмалаушылар кездеседі. Польша соты екі миллион бал арасын өлтірді деп танылған Яна есімді әйелді төрт ай ғана шартты мерзімге кесті. Бұған бал арасының иелері қанағаттанбай отыр. Интернет материалдары негізінде әзірленді.