Апта соңында Skif-Qaragandy альпинистік клубының мүшелері Ақтоғай ауданындағы Ақсораң биігіне шықты. Ақсораңның ұшар басы теңіз деңгейінен есептегенде 1565 метр болады екен. Яғни ол – Орталық Қазақстан аумағындағы ең биік тау.

Альпинистік клубтың мүшелері шыңға шығар ең қиын жолды таңдап, жорықты таудың Шабанбай би аулының желке тұсындағы етегінен бастады. Оларға жолды Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов көрсетіп отырды.
Экспедиция жетекшісі, кәсіпкер, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов альпинизмнің саламатты өмір салтын насихаттаудан бөлек, адамдарды жақындастыратын, бауырмалдыққа баулитын ерекше қасиеттері бар екенін айтады.
– Болашақта клубтың Ақтоғай ауданындағы үйірмесін ашпақ ниетіміз бар. Ақсораңдай биік шыңы, ғажайып табиғаты бар аумақта альпинизммен қоса экотуризм де дамыса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді ол.
Клубтың мүшелері Шабанбай би ауылындағы Ә.Ермеков атындағы мектепке барып, оқушылармен кездесті. Білім ұясында экспедиция құрамында болған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 15 томдық еңбегін мектеп ұжымына тарту етті.
Сонымен бірге Төлеген Әшімов Абайдың «Қарасөздерінің» өлеңмен аударылған екі томдығын, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы туындыны және ауған соғысының ардагері, полковник Амангелді Жантасовтың кітабын сыйға тартты.
Оқушылармен болған кездесу барысында Skif-Qaragandy альпинистік клубының жетекшісі Төлеген Әшімов пен кәсіби альпинист Михаил Нартов тауға өрмелеу өнері және экотуризм туралы әңгімелеп, алдағы уақытта оқушыларға онлайн режімде және жүзбе-жүз дәріс оқудың мүмкіндіктерін қарастыруға уәде берді.
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 11:50
Ислам ойындарында Қазақстандық жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Коронавирустан емделіп жатқан 9 науқастың жағдайы өте ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:45
1737 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 10:10
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар