Үкімет • 15 Қазан, 2021

Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрі Тәуелсіздіктің жемісі – Мәулен Әшімбаев

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрі Тәуелсіздіктің жемісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрі Тәуелсіздіктің жемісі – Мәулен Әшімбаев

«Бүгінгі форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздік біздің ең басты құндылығымыз, ата-бабамыздың сан ғасыр аңсаған асыл арманы. Бүгінгі жетістіктеріміздің бәрі осы Тәуелсіздіктің жемісі. Егемендіктің арқасында тіліміз бен ділімізді, тарихымыз бен дәстүрімізді, мәдениетіміз бен руханиятымызды жаңғырттық. 30 жылдың ішінде жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырып, мемлекеттілікті мызғымастай етіп қалыптастырық. Бүгінде дүниежүзі Қазақстанды тұрақты, әлемдік аренада абырой-беделге ие, достыққа берік ел ретінде таниды», деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Оның атап өтуінше, мұның бәрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Осы саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етіп, елімізді жаңа белестерге шығару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып жатыр.

«Біздің алдағы мақсат-мүддеміз айқын. Басты міндет - елдігімізді еңселі ету және Тәуелсіздігімізді одан ары нығайту. Осы жолда бүгінгідей басқосулардың да маңызы зор. Бүгін айтылған пікірлер мен ұсыныстар елдік мүддеге игі әсерін тигізеді деп сенемін», деді Мәулен Әшімбаев.