Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Тарихты түгендеу, ұлттық руханият үшін мехнатты іс. Көз майын тауысып, жылдар бойы архивтерде отырып еңбек етуге екінің бірінің, егіздің сыңарының қажыры жете бермейді. Ол үшін аса табандылық керек, шыдамның шегін көрсетер, төзімді түгел тауысар, ауыр жұмыстың жауапкершілігін сезетін адам ғана атқара алса керек», деді Көшербаев.
Мемлекеттік хатшы жұрт жұмысына жанын салып істейтін азаматтардың бірі жетпістің жотасына көтеріліп отырған Тұрсын Жұртбай екенін айтты.
«Тұрсын Жұртбай алғашқыда «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегiмде жұмыр жер» (1980) жыр кітаптарымен ақын ретінде танылды. «Замандасым, сырласым» очерктер жинағын шығарды. Әдеби ортаға дендеп салиқалы сыни мақалаларымен сіңісті. Қалибек Қуанышбаев туралы «Дара тұлға» мақаласы да оқырманның оң бағасын алды. Кейінірек ғылыми-танымдық деректі шығармалар жолына түсіп, зерттеушілік қызмет атқарды. Архивтерді ақтарды, сарғайған газет-журналдардан тарихи тың деректерді ашты», деді Көшербаев.
Көшербаев Тұрсын Жұртбай бұған дейін жасырын болған қасірет парақтарын ақтарғанын айтты.
«15 жылдан астам уақыт бойы ғылыми ізденіс жүргізіп, тың деректерді ғылыми айналымға енгізді. Мемлекет басшысының жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия құрылды. Қазір комиссия шетелдік архивтерде де жұмыс істеп жатыр», деді ол.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері мен қала басшылығы, Президент әкімшілігінің өкілдері, ақын, жазушылар қатысты.
Саясат • Кеше
Коронавирус қайталануы мүмкін бе?
Коронавирус • Кеше
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Тұтылып тұрып, құтылып кеткені қалай?!
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Өнер • Кеше
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Экология • Кеше
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Күрес • Кеше
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Kids Go Free: 300-ден астам бала тегін ұшты
Қоғам • Кеше
Алматыдағы Сайран көлінен ішек таяқшалары анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістанды түркітілдес елдердің туристік астанасы ету ұсынылды
Аймақтар • Кеше
Алматының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Коронавирус • Кеше
Президент стрестік активтер нарығын дамыту бойынша заңға қол қойды
Президент • Кеше
Президент волонтерлік қызмет туралы заңға қол қойды
Президент • Кеше
Алматы қаласының жаңа бренді жасалады
Аймақтар • Кеше
Елордада туристік ақпараттық орталық ашылады
Туризм • Кеше
Олжас Сыдықбек жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы анықталды
Әдебиет • Кеше
Шымкентте Қонаев даңғылы ашылды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Бақыт Сұлтановты қабылдады
Президент • Кеше
Алматыда «Бақорда» базарынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Семейде көпқабатты үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда 3 жаңа метро станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Қор нарығында доллар бағасы арзандады
Қаржы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар